Сұрақ риторикалық, бірақ қазіргі заманда өте өзекті. «ҚР Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңның» 2-бабы, 4-тармағында былай дейді: «Архивтер ісін дамыту мен жетілдіруге қамқорлық жасауды мемлекет өз мойнына алады. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау барлық жеке және заңды тұлғалардың міндеті болып табылады». Яғни, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері және сондай-ақ, олардың бірінші басшылары Ұлттық архив қорының құрамына кіретін құжаттардың сақталуы үшін жауапты. Мекеме, ұйым және ұлттық компаниялардың басшылары іс жүргізу қызметтері мен ведомстволық архивтер және жоғары кәсіби кадрлар құрамын дұрыс ұйымдастыруға мүдделі болуы тиіс. Өкініштісі, іс қағаздарын жүргізу мен архивтердің жұмысы табысты басқару процесінің негізі және әкімшілік кадрлар қызметінің көрінісі екенін бәрі бірдей түсіне бермейді. Құжаттар – жазбаша дереккөздер, олар әр мекеменің қабылданған функциялары мен міндеттерін жүзеге асырудың дәлелі болып табылады. Осыған байланысты, уәкілетті лауазымды тұлғалар документацияны басқару және құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге тартылған бөлімше қызметкерлердің біліктілігін арттыру сапасына ерекше назар аудару керек.
Бұл екі мәселе, 2016ж. 16-19 тамыз айында, ҚР Президенті архивінің негізінде Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институтының ұйымдастыруымен өткізілген семинарладың негізгі тақырыбы болды. Тыңдаушылар арасында Атырау, Қызылорда, Жамбыл облысы архив мекемелерінің директорлары мен қызметкерлері, БЖЗҚ, «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінің іс-қызмет өкілдері болды.
Ұлттық архив қоры құжаттарды сақтау, құжаттау және құжаттаманы басқаруды ұйымдастыру туралы мәселелердің маңыздылығын түсінгені үшін Мәдениет, архив және құжаттама басқармасының, сондай-ақ, жоғары аталған ұйымдардың басшыларына, ерекше алғысымызды айтқымыз келеді.
Әбілова Т. Е., т.ғ.к.