ЖЕКЕ МҰРАҒАТТАР ҚҰЖАТТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ МҰРАҒАТТЫҚ ҚҰЖАТ САҚТАЛУЫМЕН БІРГЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ

27.05.2016

ЖЕКЕ МҰРАҒАТТАР ҚҰЖАТТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ  МҰРАҒАТТЫҚ ҚҰЖАТ  САҚТАЛУЫМЕН БІРГЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ

 Мемлекеттік мұрағаттар және мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдардың құжаттама, мұрағат қызметінің маңызды бағыттарының бірі: құжаттаманы, оның ішінде, жеке тектік құжаттар басқару жұмысын ұйымдастыру, мұрағаттық құжаттар сақталуын және ақпараттық қауіпсіздікті камтамасыз ету, әлемдік коммуникация Интернет желісіндей интеграцияға байланысты  және өз құзыреті шегінде ақпаратқа қол жеткізе ашу үшін әр мекеменің жауапкершілігі болып табылады.

Бұл тақырыптар биылғы жылдың 26-29 сәуір және 17-20 мамыр айларында Ақпарат және әкімшілік технологиялар институтымен   ұйымдастырған семинарлардың өтуіне себеп болды.

Атап айтқанда,  курс тыңдаушылары «Мемлекеттік ұйымдармен, мекемелер, компаниялар мұрағаттарындағы жеке қорлар» модулінде (26-29 сәуірі), жеке тектік құжаттар мұрағатының жинақтау, сақталуын камтамасыз ету, ақпараттық-іздеу жүйесін құру, оларды ғылыми пайдалану және жариялану саласындағы теориялық білімдерін жаңартып қана қоймай,  Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатының (оқытушы Әбілова T. E.) осы бағыттағы жұмыс тәжірибесімен танысты. Семинар қатысушылардың арасында Жамбыл, Шығыс Қазақстан (Семей)  облыстарының мемлекеттік мұрағаттары, «Алматы жылу желілері» ЖШС қызметкерлері болды.

«Мұрағаттық құжаттарды сақтауды ұйымдастыру және сақталуын қамтамасыз ету. Мұрағат құжаттарының мемлекеттік есепке алынуы» семинар тақырыбында (оқытушылар Чупров В. М., Бекішева Г. O.) Жамбыл, Шығыс Қазақстан (Семей) облыстардың мемлекеттік мұрағаттары, Мемлекет тарихы институтының (Астана қ.),   «Алматы қ. сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро»  Департаментінің және басқа  компаниялардың қызметкерлері қатысты.

«Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық, ұлттық, мемлекеттік стандарттар мен заңнама. Ғылыми-техникалық құжаттама» (оқытушылар Әлімғазинов  Қ.  Ш., Нұрпейісова Б. Е. ) тақырыбындағы курсты Атырау, Қарағанды облыстарының мемлекеттік мұрағаттар өкілдері тыңдады.

Нәтижесінде, 19 семинар қатысушылары осы курстарды аяқтау туралы сертификаттар алды.

IMG_0843

DSC02908

IMG_0801

DSC02774

Смотрите также