Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институтымен бірге 2015 жылдың 23-26 маусым аралығында кезекті біліктілікті арттыру курстарын өткізеді. Курс «Құжаттауды ұйымдастыру және құжаттаманы басқару», Мұрағат құжаттарына ғылыми аппарат құру», «Электрондық мұрағатты ұйымдастыру» тақырыбында өткізіледі. Курстың тыңдаушылары мемлекеттік қызметкерлер, ақпараттық технологиялар басқармаларының мамандары, мұрағат қызметкерлері. Курстар аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылады.
https://www.facebook.com/kazarchive