1.Әбдіқадырова Жәмила Юсупжанқызы, заңгер, құқықтанушы, 1999 жылы «Тұран» университетін бітірді», 10 жыл бойы Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында жұмыс істейді, Толықтыру және құжаттама басқармасын, 2013 жылы ҚР ПӘ мұрағаттарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу басқармасын басқарады. Ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен ұйымдарда оқыту семинарларын жүргізу тәжірибесі бар.
2. Әбілова Таразы Есмуқанқызы, тарихшы-мұрағатшы, т.ғ.к., 1973-1978 жылдары Мәскеу мемлекеттік тарихи-мұрағаттық институтында оқыды, сол институттың күндізгі аспирантурасын бітірді, 1986 жылы«Казақ ССР мемлекеттік мұрағаттарындағы жеке қорлар. 1950-жылдардың аяғы – 1980-жылдардың басы (Толықтыру және ғылыми ұйымдар проблемалары» тақырыбы бойыншатарих ғылымының кандидаты ғылыми атағын алу үшіндиссертация қорғады; 1994 жылы – Малайзиялық техникалық ынтымақтастық бағдарламасының шегінде Малайзия Ұлттық мұрағатының құжаттаманы басқару бойынша екіжылдық курстарында оқыды. 1978 жылдан бастап республиканың мұрағат саласында: ҚазССР ОММ-да (ҚР), ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Мұрағаттар және құжаттама Бас басқармасында,ҚР ҚМІҒТАО-да жұмыс істеді, 16 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында Жеке тектік қорлар басқармасының басшысы болды.
3. Әлімғазинов Қайрат Шәкәрімұлы, т.ғ.д., доцент, 1996 жылы әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірді, 70-тен астам жарияланған ғылыми жұмыстары бар (монографиялар, мақалалар, оқу және әдістемелік басылымдар), жекелеген оқу-әдістемелік курстар мен зерттеулердің авторы: «Мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі»; «Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық, ұлттық, мемлекеттік стандарттар және заңнама» (ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің «Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» ММ үшін); «Мұрағаттардың ақпараттық қызметі»; «Мұрағаттарды жеке тектік көздермен толықтыру» (ҚазҰУ); «Зияткерлік меншік пен материалдық емес активтерді бағалау» (UIB, ААЭС) және басқалар.
4.Асанбаева Алуа Ермекқызы, тарихшы-мұрағатшы, 2001-2006 жылдары әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыды, т.ғ.к., ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының күндізгі аспирантурасын бітірді, 2010 жылы тарих ғылымының кандидаты ғылыми атағын алу үшін «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ қоғамының рухани мәдениетіндегі тарихи сабақтастық: теориялық-методологиялық проблемалары» тақырыбы бойынша диссертация қорғады. 2006 жылдан бастап қазіргі уақыттың бойында ҚР Президентінің Мұрағатында: Құжаттарды ғылыми жариялау басқармасында, 2014 жылдан бастап Әкімшілік және қоғамдық байланыстар басқармасының басшысы.
5.Ахметжанова Жанар Бисұлтанқызы, техника және технологиялар магистрі, «Тұран» университетінің «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы», сонда 2001 жылдан бері жұмыс істейді, ҚР ҒБМ ҒТҚ грамоталары мен алғыс хаттарын, жаңа IT-технологиялары бойынша ПК сертификаттарын алған.
6.Баймұқанова Нұржамал Ақылбекқызы, француз тілінің оқытушысы, 1979 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірді, 14 жыл мұрағат саласында істеді, оның ішінде 10 жыл ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатында құжаттау және құжаттаманы басқару бойынша республиканың министрліктері мен ведомстволарының қызметіне бақылауды ұйымдастырумен және әдістемелік көмек көрсетумен айналысты; 1989- 1997 жылдар бойында ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Бас мұрағат басқармасы орталық аппаратының кадрлық қызметінде болды, 1993 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінде кадрлар мен арнайы жұмыстар жөніндегі бас маман болып істеді. 1997 жылдан ҚР Қаржы министрлігінің ақпаратты қорғау бөлімін басқарды, 2005жылдан бастап «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да жұмыс істейді.
7. Бекішева Гаухар Оразайқызы, тарихшы-мұрағатшы, 2007 жылы әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірді, 2007 жылдан бастап ҚР Президенті Мұрағатында Мұрағаттық қорлардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу басқармасыныңда бас сарапшы лауазымында жұмыс істейді.
8. Жанысбаева Гүлмира Бекзатқызы, ақпараттық жүйелер магистрі, «Тұран» университетінің «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы», сонда 2006 жылдан бері жұмыс істейді, ҚР ҒБМ ҒТҚ грамоталары мен алғыс хаттарын, жаңа IT-технологилары бойынша ПК сертификаттарын алған.
9.Қасымова Гүлнар Төлеуқызы, құжаттанушы, мемлекеттік мекемелердегібасқарылатын еңбектің ұйымдастырушысы, 1978 жылы Мәскеу мемлекеттік тарихи-мұрағаттық институтын бітірді, сол жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттық мекемелерінде: Семей облысының мемлекеттік мұрағатында мұрағатшы, директоры, Семей облыстық мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы болып істеді, 1997 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысы Мұрағат және құжаттама басқармасы Жаңа тарих құжаттамасының орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Семей қаласы.
10. Нұрпеісова Бақыт Есләмбеккызы, тарихшы-мұрағатшы, педагог, т.ғ.к., 1986-1992 жылдары Мәскеу мемлекеттік тарихи-мұрағаттық институтында, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқыды, 2007 жылы тарих ғылымының кандидаты ғылыми атағы үшін диссертация қорғады, ҚР ОММ-да жұмыс істеді, Абай атындағы ҚазҰПУда, Абылайхан атындағы ҚӘТ және ХҚУ-да сабақ берді, 2007 жылдан бастап – әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің бүкіләлемдік тарих, тарихнама, деректану кафедрасының доценті.
11.Чупров Вячеслав Михайлович, тарихшы, құжаттанушы, 1973 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 1989 жылы Мәскеу тарихи-мұрағаттық институтының жанындағы сырттай бір жылдық курстарды, 1998 жылы Орталық еуропалық университетінің жанындағы мұрағат мектебін (Будапешт қаласы) бітірді. 1970 жылдан бастап мұрағат саласында: Алматы облысының мемлекеттік мұрағатында, ҚазССР Орталық мемлекеттік мұрағатында, ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Мұрағаттар мен құжаттама Бас басқармасында қызметтер атқарды, ғылыми қызметкер, аға инспектор, Қаз ССР ОММ-да директордың орынбасары, Бас мұрағат бастығының орынбасары болып істеді, 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Президенті Мұрағаты директорының орынбасары.
12.Шайлазымов Бақытхан Жалдыбайұлы, заңгер-халықаралық танушы, 1997 жылы Сүлеймен Демирель атындағы Қазақ-түрік университетінің халықаралық экономикалық қатынастар факультетінің «Hazirlik» – дайындық курсын, 2002 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірді. ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінде, әділет, ТЖ департаменттерінде, Алматы қаласы әкімдігінің басқа да құрылымдарында жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап – ҚР Президентінің Мұрағатында Пайдалануды ұйымдастыру басқармасында сарапшы лауазымында болды, ал қазіргі уақытта Мұрағаттар технологиялар басқармасының басшысы.