ИНСТИТУТ туралы

Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институты2014ж. 27 мамырдақұрылтайшылар жалпы жиналысының негізінде құрылды (№1 хаттама) және оның заңдық мәртебесі Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық құқықтық нысанында белгіленді. Жарғыға сәйкес Институт Қазақстан Республикасындағы мұрағат саласын ақпараттандыруды дамыту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру, мұрағат ісі саласында білікті мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін жетілдіру, мұрағат мекемелерінің, ведомстволық мұрағаттардың және мекемелердің, ұйымдардың, компаниялардың іс жүргізу қызметтерінің құжаттамасы мен әкімшілік қызметкерлерін басқару мақсатында құрылды. Институттың Қазақстан Республикасының, сондай-ақ одан тысқары жерлерде филиалдар құруға және өкілдіктер ашуға құқығы бар. Институтты Бас директор басқарады, ол өз қызметінде ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысында есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Бас директордың құзыретіне жалпы жиналыс құзыретіне жатпайтын Институт қызметін қамтамасыз етудің барлық қалған мәселелері кіреді.

Институттың қазіргі қызметі мемлекеттік  мұрағаттың, мекемелердің, ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің ведостволық мұрағаты қызметкерлерінің біліктілігін жетілдірудің қысқа мерзімді курстарын ұйымдастырумен байланысты.

Қазіргі мекемелердегі, ұйымдардағы компаниялардағы табысты менеджменттің маңызды құраушыларының бірі – іс жүргізу қызметінің немесе құжаттаманы басқарудың және олардың ведомстволық мұрағаттарының жай-күйі, сондай-ақ оларда білікті және жақсы даярланған мамандардың болуы.   Өйткені оның қызметі сақталған құжаттар бойынша бағаланатын болады. Барлық ведомстволар заңдық мәртебесімен және аумақтық бағыныстылығымен мемлекеттік және мамандандырылған мұрағаттарды жасақтаудың көзі болып табылады, алайда, өкінішке орай компаниялардың барлығы бірдей мұрағат мекемелерінің назарында емес. Отандық бизнестің тарихы бойынша көздерді жинау жөніндегі қызметті жандандырған абзал. Оның жолдарын шетелдер тәжірибесінен көруге болады. Мысалы, АҚШ-та барлық компаниялардың жеке мұрағаттары бар және олардың даму тарихының саласында ғылыми жұмыстар табысты жүргізілуде. Осы мұрағаттардың құжаттары стратегиялық жоспарларды жасауға және түзетулер енгізуге көмектеседі, салыстырмалы талдау жүргізу мүмкіндігін береді және фирмалар мен компаниялардың ұзақ мерзімді қызметінің куәсі болып табылады.

Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институты ақпараттық технологиялардың қазіргі дамуы мен электронды құжаттар жасау тұрғысында құжаттамалау мен құжаттаманы басқару, мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есеп, жеке тектік құжаттармен және жеке мұрағаттармен, ғылыми-техникалық, дыбыстық бейнелік құжаттамамен жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша  мұрағат саласы мекемелері мен ҚР әртүрлі ведомстволарының басқару қызметі мен іс-әректтерінің негізгі бағыттарымен байланысты курстар мен басқа да қызметтерді ұсынады.

Заманауи  технологиялардың  дамуы мұрағат ісінің дамуына өзгерістер енгізеді, мұрағатшылардың ауыр еңбегін жеңілдетеді, алайда құжаттарды сақтау қызметінің мәні өзгермейді, машина электронды құжаттардың –  қағаз негізді құжаттарды айырбастай алмайтыны секілді адамның ақыл-парасатын ауыстыра алмайды. Осы себеп бойынша мұрағатшы мамандығы талап етіледі және қажет болып қалады.

Сабақтар мен семинарларды білікті оқытушылар, белгілі ғалымдар мен мұрағат саласындағы жұмыс тәжірибесі бар мамандар жүргізеді. Оқыту Тұран университеті мен ҚР Президенті Мұрағатының негізінде ұйымдастырылды. Сабақтың ұзақтығы ақылы негізде 4 жұмыс күні.

Барынша толық ақпаратты ұсынылған курстар бағдарламасы мен сабақтардың жоспар-кестесінен таба аласыздар. Төлем сабақ басталғанға дейін  Институттың шотына аударылады.