ҚАЗАХСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ МҰРАҒАТТЫНЫҢ ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚҰЖАТТАРЫН ЖАСАҚТАУ ЖҰМЫСЫ ТӘЖІРІБЕСІНЕН

25.05.2015

 

 

ҚР Президентінің Мұрағаты құрамында  1998 жылы  Жеке тектік қорлар басқармасы ұйымдастырылды. Оның бас міндеттеріне  Қазақстанның қоғам және мемлекеттік, саяси қайраткерлерінің жеке қорларының ХХ ғасырдың басынан қазірігі таңға дейінгі құжаттарын жинақтау, ғылыми сипаттау, пайдалану және жариялау жұмыстары кіреді.

Өткен жүзжылдық пен қазіргі кезеннің белгілі мемлекеттік тұлғаларының, атап айтқанда, С. О. Жандосовтың, С. С. Жиенбаевтың, Ш. Ж. Жәнібековтың, М. И. Есенәлиевтің, М. Р. Сағдиевтің, С. Қ. Құбашевтың, Ә. Т. Әлімжановтың, М. Қ. Қозыбаевтың, С. Т. Тәкежановтың, Б. Қ. Тайжанның, Қ. К. Тоқаевтың, Ғ. Е. Қасымовтың және т.б. 100-ден астам жеке тектік қорлары ҚР Президентінің Мұрағатына мемлекеттік сақтауға алынған. Жыл сайын Жеке тектік қорлар басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ҚР ПМ-да  сақталынатын жеке және басқа мұрағатық қорлар құжаттарының негізінде мемлекет, қоғам қайраткерлерінің мерейтойларға арналған қөрмелер өткізіледі және жинақтар дайындалады.

Мемлекет басшысы 2011 ж. Астана қ. өткен Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайында мемлекеттіқ ұйымдар мен мекемелердің алдына алыс және жақын шетелдердегі қазақтардың тарихы жөніндегі деректерге бай мұрағаттарды елге қайтару қажеттігі туралы міндет қойған болатын.  «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында қазіргі таңда ғылыми айналымға табысты түрде енгізілген бірегей құжаттар қайтарылды. 2010 ж. бастап келешекте құжаттар жинағын дайындау үшін және  ҚР Президенті Мұрағатында жеке қорлар мен құжаттар топтамасын құру мақсатында қазақ диаспорасының белгілі мемлекет  және қоғам қайраткерлерінің жеке мұрағаттарының құжаттарын жинау жұмысын жүзеге асыруда.

Қазақстанға оралған отандастар арасында және шет елдерде тұратын қазақтармен жұмыс екі бағытта жүргізіледі. ҚР «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына сәйкес жеке тектік құжаттар немесе жекеменшік мұрағаттар, оның ішінде шетелдегі этникалық қазақтардың құжаттары республиканың Ұлттық мұрағат қоры мен мәдени мұрасының бір бөлігі болып табылады.

Жеке меншік мұрағаттарды тарихи отанына қайтару халықаралық және мәдени байланыстарды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың міндеті болып табылатындықтан, Дүниежүзі қазақтарының қаумдастығы, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, және сонымен қатар «ТүрікСОЙ» сияқты халықаралық ұйымдарды алдыңғы лекте атап өтуге болады. Атап айту керек Дүниежүзі қазақтарының қаумдастығы мен ҚР Сыртқы істер министрлігі  ҚР Президенті Мұрағаттының дерек қөздерінің тізіміне кіреді. ҚР ПМ-ның міндеттер арасында Сыртқы істер  министрліктің және Дүниежүзі қазақтардың қаумдастықтың құжаттық басқаруының  мониторинг пен мұрағаттық қорлар сақтау жұмысы ұйымдастыру енгізіледі.  Мұрағат шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерімен қарым-қатынастар орналастыру мақсатында 2010 ж. бастап екі ескертілген мекемелермен тығыс ынтымақтастық жүргізеді.

Қазақтардың бүкіләлемдік жиынында ҚР Президенті шетелдерде қазақ диаспораларының шағын құрылтайын өткізудің маңызыдылығын және Дүниежүзі қазақтарының қаумдастығы ғылыми-зерттеу мекемелерімен, оқу орындарымен бірлесіп шетелде тұратын қазақтардың әлеуметтік мәртебесін, тұрмысын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін зерттеу мақсатында отандастар шоғырлана жинақталған аудандарға ғылыми экспедицияларды жүзеге асырудың қажеттігін атап өтті, бұл жұмыстарға ҚР Президенті Мұрағатының өкілдері де қатысқаны жөн болар еді.

ҚР Сыртқы істер министрліктің шетелдегі қазақ диаспорасының белгілі өкілдерінің  ұсынған тізімі бойынша ҚР Президенті Мұрағатының атынан Ресейде, Францияда, Германияда, Иранда тұратын, атап айтқанда Дәлелхан Жаналтайға, Әбдіуақап Қараға, танымал, беделді қоғам қайраткері болған Хасан Оралтайдың отбасына хаттар жіберілді. 2011 ж. 4–5маусымда Салихлы қ. (Түркия) өткен «Хасан Оралтай: түрік әлемі» симпозиуының жұмысына ҚР Президенті Мұрағаты директорының орынбасары З. С. Айдарбеков қатысты. Хасан Оралтайдың мұрагерлері оның жеке мұрағатының жалпы көлемі 240 құжаттан тұратын, оның ішінде CD-R-дегі 186 фотосүреті бар мұрағатының бір бөлігін сыйға тартты.

Хасан Оралтайдың отбасы  Германияда (Мюнхен қ.), Дәлелхан Жаналтайдың жүбайы Түркияда (Стамбул қ.) тұрады, Мұрағатқа мемлекеттік сақтауға өз әкелерінің, күйеуінің құжаттарын беруге дайын. Дәлелхан Жаналтайдың  туыстарымен келіссөздер Дүние жүзі қазақтарының IV Құрылтайында жүргізілді. Құрылтай жұмысына ҚР Президенті Мұрағаты атынан З. С. Айдарбеков пен Т. Е. Әбілова қатысып, арнаулы сауалнама жұмысын жүргізді.

Қазіргі таңда ҚР ПМ мемелкеттіқ сақтауына елге оралған Ж. Бабалықтың, Х. Алтайдың, Германия азаматтары А. Четиннің, С. Шадқамның, Ш. Найманның, Түркия азаматтары Ш. Догрудың, М. Тайжидің, Қырғызстаннан келген отандастарымыз С. А. Татыбековтың, К. К. Сартбаевтың құжаттары қабылданды.

ҚР ПМ жасақтау үшін ҚР Сыртқы істер министрлігі, Дүниежүзі қазақтарының қаумдастығы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған экспедициялар мен делегациялардың құрамына Мұрағаттының өкілдерін қосу арқылы мәдени байланыстар мен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға болар еді.  Қазіргі таңда ҚР Президеті Мұрағатының өкілдерін Германияға (Мюнхен қ.), Түркияға Хасан Оралтайдың, Дәлелхан Жаналтайдың тарихи отанына қайтару үшін іссапарларды ұымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Қазақ халық тарихының толық дерекқөз базасын жасау үшін Біздің отандастарымыздың мұрағаттар тарихи отанда сақтауда болу маңызды.

                                                                                                   Әбілова Т. Е., т.ғ.к.

Абилова

 

Смотрите также