МАМЫР-МАУСЫМ 2015 Ж. БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСТАР ТУРАЛЫ ХАБАЛАНДЫРУ

14.05.2015

Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институты 2015 жылдан бастап мекемелердің, ұйымдардың, компаниялардың ведомстволық мұрағаттары, іс жүргізу қызметтері, мұрағаттық мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін қысқа мерзімді курстардың ашылғандығын хабарлайды.

Курс тақырыптары ҚР түрлі ведомствалық мекемелерінің қызмет жасау, басқару қызметін қамтамасыз етудің, сондай-ақ мұрағат саласы бойынша, оның ішінде құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелері, мұрағаттық құжаттарды, мемлекеттік есепті сақтауды қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялардың, ғылыми-техникалық, аудиовизуалдық құжаттамалардың заманауи даму арнасында жеке мұрағаттар және жеке тектік құжаттармен жұмыстарды ұйымдастыру, электронды мұрағаттарды құру және т.б. мәселелері бойынша негізгі бағыттарымен байланысты.

Сабақтар мен семинарларды мұрағат саласында тәжірибесі бар мамандар, атақты ғалымдар, білікті оқытушылар өткізеді. Теория мен тәжірибені сабақтастыру мақсатында ҚР алдыңғы қатарлы мемлекеттік мұрағаттарына, соның ішінде ҚР Президентінің Мұрағатына экскурсиялар ұйымдастырылады.

Оқу процесінің сәуір айында басталды, оның жалғасу мерзімі шамамен – 4 жұмыс күні. Болашақ курсанттар үшін оқу құны  40 000 теңге. Оның құрамына үлестірілетін материал, кофе-брейктер төлемі кіреді. 25-28 мамырда, тыңдаушылар келесі тақырыптар бойынша шақырылады:

 

  1. Электрондық мұрағатты  ұйымдастыру

2. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық, ұлттық,  

             мемлекеттік стандарттар мен заңнама

  1. Кадрлық іс жүргізу: регламенттеуші құжаттармен жұмыс және жеке

            құрам бойынша құжаттардың сақталу мәселесі бойынша практикалық

             ұсыныстар

Неғұрлым нақты ақпарат алу үшін байланыс телефонға (8 727 262 23 65)  немесе e-mail (infoadmtech@mail.ru) арқылы хабарласуыңызды өтінеміз.

Смотрите также